БІР АЙҒА ЖАЛҒАСАТЫН КӨРМЕ

Уақыты: 13.07.2019
Оқылды: 763
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандағы Көрме орталығында "Ұлы Дала хикаялары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 


Көрмеге Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асхат Ахмедьяров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев сынды суретшілердің 100-ден астам туындысы қойылды. 

Өнер тапқыш дарын иелерімен бірге куратор, ғылым докторы, өнертанушы Юлия Сорокина және халықаралық куратор-Лиза Ахмади шараға қатысты.

Айта кетсек, бұл Қазақстан бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба. Көрмеге келгендер ұлттық нақыштағы өнер туындыларымен танысты.

Заманауи өнер туындылары бір арнада тоғысып, қазақ халқының мәдениетін асқақтататын көрме 13-ші тамызға дейін жалғаспақ. Көрме барысында әртүрлі тренингтер ұйымдастырылады.