БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАҒА

Уақыты: 01.09.2019
Оқылды: 908
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі сөзі бүгінгі күні республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында өз жалғасын табуда.

Оқушыларды жаңа оқу жылына дайындауға Айнұр Манжибаева басшылық жасап отырған №2 Жамбыл атындағы орта мектеп ұжымы, ауыл әкімі Қанат Қамаубаев, жеке кәсіпкерлер және мекеме басшылары белсене атсалысуда.

 Адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп,  жылы лебізін аямай, қолдан келер жәрдемін ұсынып отырған жомарт жандар қатарында Серік Қарабалаев, Асқар Аманбаев, Қодар Әшенбек, Әбдрахман Сәтбаев, Сәуле Бекибаева, Алмат Момбаев, Ринат Игембаев, Тимур Ервин және мектептің 2015 жылғы түлектері жақсы іске жанашыр бола білді.

Жарқын болашағымыздың тұтқасын берік ұстап, өз болашақтарынан зор үміт күттіретін жастар, яғни, оқушылардың мектепке сақадай сай болып баруы үшін оларға қол ұшын созып, демеушілік көрсетіп,  мәрттіктің үлгісін танытқан осындай абыройлы азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Айгүл КӘШКЕЕВА, 
№ 2 Жамбыл атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары