ПЕНЖІМДЕГІ ТӨБЕЛЕСТІҢ ШЫНДЫҒЫ ҚАЙСЫ? ЖАСТАР НЕ ҮШІН КӨШЕГЕ ШЫҚТЫ?

Уақыты: 28.10.2021
Оқылды: 1125
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазіргі таңда Пенжім ауылындағы жағдай тұрақталған. Ауыл бойынша тек үш үйдің терезесі сынған. Ал желілерде өртенген үй туралы тараған бейнежазбаның Пенжімдегі төбелеске қатысы жоқ. Бұл туралы Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағатұлының айтуынша, оқушылар төбелесінен кейін ауылда ешқандай дүрбелең болмаған. Екі жақтың ата-аналары ортақ келісімге келіп тарқасқан. Ал түнде көшеге шыққан ауыл жастары тек кешірім сұрауды талап еткен. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен өрт туралы бейнежазба жай ғана сәйкестік.

- Оқушылардың видеосы желіде тарап кетті ғой, содан кейін ауыл жастары көшеге шықты. Бірақ ешқандай атыс-шабыс болған жоқ. Тек үш үйдің терезесі сынды. Ал өрт сәйкестік болған. Оның дүрбелеңге қатысы жоқ, - дейді Нұрбол Қанағатұлы.

Түндегі жағдайға байланысты Пенжім ауылына Алматы облыстық полиция департаменті басшылығы мен облыстық әкімдік қызметкерлері келген. Бүгінге ауыл тұрғындарымен кездесу, жиналыс өткізу жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"