ЖЕР УЧАСКЕСІН РӘСІМДЕУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ - ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ

Уақыты: 12.07.2022
Оқылды: 1455
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметтер қолжетімді бола түсті. Атап айтқанда, мемлекеттік корпорацияның коммерциялық қызметтері, соның ішінде, жер учаскелерін рәсімдеу бұрынғыдан да жеңілдеді.

Енді бұл қызметтер Қазақстандағы барлық ХҚКО-ларда көрсетілетін болады. Барлық өтінішті бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ететін бэк-офистермен тығыз байланыстың қажеті жоқ. Кез келген клиент өз қалауы бойынша жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жерге орналастыру жобасын әзірлеуден бастап жер учаскесіне акті дайындауға дейін құжаттарды рәсімдеудің толық циклін көрсетеді.

Жерді рәсімдеу бойынша ең сұранысқа ие қызметтер – жер жобаларын жасау, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу, жер учаскелерін көлденең және биіктікте түсіру, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу, аэрофототүсірілім жұмыстары, жер-кадастрлық құжаттардың көшірмелерін беру және басқалары. Бүгінде Қазақстанда жер кадастры бойынша коммерциялық қызметтерді 253 ХҚКО-да алуға болады.

Қолжетімді коммерциялық қызмет көрсететін ХҚКО-лардың толық тізімі gov4c.kz. ресми сайтында жарияланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды