Қазақстандағы кедейлік деңгейі ең жоғары өңір аталды

Уақыты: 13.09.2023
Оқылды: 1006
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2023 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы II тоқсандағы кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан (9,7%) облысында, ал ең азы – Астана қаласында (2,5%) тіркелді.

Қалалық және ауылдық жерлерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесінде елеулі айырмашылық бар. Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жерлердегі көрсеткіштің мәні қалалық жерлердегі көрсеткіштің мәнінен (3,9%) 3,3 п.т. асып түсіп, 7,2% құрады.

“Кедейлік қаупіне үй шаруашылығының мөлшері қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2% құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе дерлік жоғары”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Фото: көрнекілікке алынды