Көпбалалы аналар баспаналы болды

Уақыты: 30.09.2023
Оқылды: 1056
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған ақаласындағы «Береке» коттедж қалашығындағы 25 үй көпбалалы аналарға табысталды. Қуанышты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, баспаналы болған тұрғындарды құттықтады.

Талдқорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегіне 15 мың 286 азамат тіркелген. Оның ішінде көпбалалы аналыр саны – 1 мың 806, жетім балалар, ата-анасының қақморлығынсыз қалған балалар – 1 мың 372 болса, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – 6 мың 986 азамат. Мемлекетті кқызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер – 5 мың 117 азамат. Биыл облыс орталығынан 290 халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азамат баспаналы болды.  

– Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын көтерудегі ең басты мәселелердің бірі. Президенттің алдымызға қойып отырған үлкен талабы да осы. Сондықтан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында біз қазір осы мәселеге ерекше назар аударып, қолға алып отырмыз. Талдықорған қаласында тұрғын үй кезегінде 15 мыңдай адам бар. Биылдың өзінде 2 мыңға жуық талдықорғандық отбасы баспаналы болды. Жоспар жүйелі атқарылса, 5-6 жылда кезекте тұрған  барлық азамат баспаналы болады. Біз халық игілігі жолында нәтижелі еңбек етуге барымызды саламыз, – деген қала әкімі тұрғындарды құттықтап, баспана кілтін табыс етті.

«Береке» коттедж қалашығындағы 25 үй «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға бұйырды. Жыл соңына дейін аталған қалашықта 11 үй беріледі деп жоспарлануда.  

Еңлік Кенебай