Жаңа бастама: Әр баланы бағуға мемлекет ай сайын ақша бөледі

Уақыты: 13.10.2023
Оқылды: 1117
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда алдағы уақытта құрылатын "кәсіби асырап алушы отбасылар" қандай болатыны белгілі болды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Taulik.kz сайтының ақпартына сүйеніп хабарлайды.

Әр баланы бағуға мемлекет ай сайын белгілі бір соманы төлейтін болады.

"Бір "кәсіби асырап алушы отбасында" төрт бала тәрбиеленеді. Асырап алушының жасы 30-дан 53-ке дейін болуы тиіс. Ал "кәсіби асырап алушы отбасы" мәртебесін алуға өтініш білдірген ата-аналар психологиялық дайындықтан өтіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитациядан өтуі керек", - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Фото: ғаламтордан алынды