"МАҚТАН ТҰТАМЫЗ": АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН БАЛАБАҚША

Уақыты: 26.03.2021
Оқылды: 1174
Бөлім: РУХАНИЯТ

Біз өзіміз үлгі тұтатын, міне, біздің баламыз осында келеді деп зор сеніммен, мақтанышпен айтып жүретін «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «№7 ясли-бақшасы» МКҚК ұжымына алғыс айтқымыз келеді.

Бұл ұжымды айрандай ұйытып, бас-көз болып, өзінің қызметін өте жоғары дәрежеде атқарып отырған Ұлтуар Мамековаға, тәрбиешілерге, жас мамандарға әдіс-тәсілдерін үйреніп, оларға бағыт-бағдар беріп жүрген ұжымның әдіскері Эльмира Атмановаға зор ризашылығымызды білдіреміз. Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғысы да солай жүреді демекші, балабақша меңгерушісі Ұлтуар Мұхамерқызының ұстанымына, жұмысқа деген сүйіспеншілігіне, жауапкершілігіне, іс-тәжірибесіне қарап-ақ ұжымның қандай екенін аңғару қиын емес. Осы ретте 2020 жылы осы балабақша табалдырығын алғаш рет аттаған «Балапан» тобының тәрбиешілері Ардақ Нұрбаеваға, Әсел Айтнұроваға және тәрбиеші көмекшісі қызметін атқаратын Назым Аязбековаға ата-аналардың ризашылығы шексіз.

Аталған балабақша тәрбиешілері өздерінің жүйелі, белгіленген жоспары бойынша қызметтерін адал әрі өте зор жауапкершілікпен атқарады. Бұлар – балаларымыздың тілін дамытуға, салауатты өмір салтын ұстануына, ой-өрісінің кеңеюіне, жалпы балаларымыздың жан-жақты дамуына тікелей септігін тигізіп отырған мамандар. Келешекте бұл ұжымға мол шығармашылық табыс, еңбектерінің жандануына, тәрбиелеп отырған бүлдіршіндерінің әр кезде биіктерден көрінуіне, сонымен қатар, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз.

№7 ясли-бақшасы «Балапан» тобының ата-аналары

Талдықорған қаласы

Сурет - ғаламтордан