ЖҰМАТАЙ ӘМІРЕЕВТІҢ ЖЫР КЕШІ ӨТЕДІ

Уақыты: 12.11.2018
Оқылды: 1416
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жырсүйер жетісулықтар! Қазақ руханиятын құрмет тұтқан қауым! Қарашаның 22-ші жұлдызы сағат 11:00-де І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде облыстық "Жетісу" газеті бас редакторының орынбасары, танымал ақын Жұматай ОСПАНҰЛЫНЫҢ "Бала шақтан болашаққа" атты театрландырылған әдеби-сазды кеші өтеді.

Кешке келемін деушілерге есік ашық! Театрландырылған рухани-мәдени кеш шаршататын шаралардың бірі емес, керісінше, кең тыныстап, тағылым түйіп қайтатын әсерлі жиын болады деп күтілуде. Ендеше, жыр пырағына мініп, поэзия көгіне бірге самғайық!

Келіңіздер, көріңіздер!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"