ЖИІЛІК СӨЗДІК ТІЛ ҮЙРЕТУДІ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Уақыты: 05.12.2018
Оқылды: 2586
Бөлім: РУХАНИЯТ

Кез-келген адам тіл үйрену барысында сол тілде жиі қолданылатын сөздерді үйренуге тырысады. Себебі, жиі қолданылатын сөздер тілдік қабаттың көп бөлігінде айтылады. Қазіргі таңда ағылшын тілінің қолданыс аясы кең екенін білеміз. Әрбір екінші адам ағылшын тілін үйренгісі келеді. Сонымен, сіз ағылшын тілін үйренуге кірістіңіз делік. Егер сіздің мақсатыңыз - ауызекі сөйлеу мен жазбаша дағдыларды меңгеру болса, онда сізге көмектесетін жиі қолданылатын ағылшын сөздері бар.

Бір істі бастаған кезде, оңтайлы жолын тапқан адам өз мақтасына жылдам жететіні белгілі. Ағылшын тілінің жиі қолданылатын сөздерін үйрену арқылы сіз өз мақсатыңызға тез жетесіз. Интернет бетін ашып қалсаңыз, «ағылшын тілінің жиі қолданылдатын алғашқы жүз сөзі» деген ақпаратты көп кездестіреріңіз анық. Дәл осы әдісті тек ағылшын тілін үйренуде емес, басқа тілдерді үйренуде де басшылыққа алуға болады.

Интернет бетін ашып, «Қазақ тіліндегі жиі қолданылатын сөздер» деп іздеп көрдік, шыны керек, бір ғана ақпарат таптық. "www.bilimpaz.kz" сайтында «Қазақ тіліндегі ең жиі қолданылатын 100 сөз» айдарымен берілген мәлімет бар екен. «Әрбір тіл үйренуші осы сөздерді күнде естіп, көріп, оқып жүргені сөзсіз. Әркім жиі қолданатын сөздерінің өз тізімін жасай алады» - деп келеді де, 2012 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өткен "TEDxAlmaty" іс-шарасында Рауан Кенжеханұлының сөйлеген сөзінде келтірілген сөздерді ұсынады және де қазақ тілдің меңгерудегі қадамдарыңызды осы сөздерді қайталаумен бастаңыз деп кеңес ұсынған екен. Ол сөздердің реті былай: мен, сен, ол, біз, олар, сәлем достар, қал қалай?, алға, қайда? Алматы қаласы, Абай көшесі, бірінші үй, мектеп, дүкен, шаштараз, асхана, қош келдіңіздер!, дастархан, азық-түлік, нан, су, сүт, айран, шай, жаман емес, ет, сорпа  сияқты.

Енді бұл мәліметке қарап, жеке бір адамның қоғамдық ортасы мен әулеметтік жағдайына қарай сөз қолданысы деуге болады. Яғни, бұл мәліметтің ешбір ғылыми негізі жоқ, қарапайым пікір деп айта аламыз. Ал енді 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» дайындалды. Дайындаған - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы. Бір адамның қолынан келмейтін, үлкен бір ұжым даярлаған ғылыми негізді еңбек. 7 миллионнан астам сөзқолданысы бар мəтіндік (тілдік) база негізінде жасалған «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» – мемлекеттік тілді оқытуда, əсіресе, оқулықтарды, оқу құралдары, оқу сөздіктерін, тілдік (лексикалық, грамматикалық) минимумдарды жасауда бірден-бір қажетті құрал.

«Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» 3 түрлі типте əзірленіп, 7 түрге топтастырылған 61 түрленім бойынша ұсынылған. Сөздіктер үш типте жасалған: «Əліпбилі-жиілік сөздік» - сөздер бірінші əріптен бастап, соңғы əріпке дейін қатаң əліпби тəртібімен орналасады. «Жиілікті əліпбилі сөздік» -  сөздердің мəтіндегі кездесу жиілігінің кему ретімен орналасып, ал бірдей жиілікті сөздер қатаң əліпби тəртібімен орналасады. «Кері əліпбилі жиілік сөздікте» керісінше сөздер соңғы əрпінен бастап алғашқы əрпіне қарай қатаң əліпби тəртібімен орналасады.

Енді осы сөздіктері барлық стильдер бойынша ең жиі қолданылатын «Жалпы жиілікті-әліпбилі сөздікте» берілген сөздерді алып қаралық. Мысалы:

 1.

бол/ет

26

қандай/ес

51

көр/ет

76

бас/зт

 2.

ол/ес

27

екен/ет

52

жұмыс/зт

77

қала/зт

 3.

мен/шл

28

біз/ес

53

екі/са

78

білдір/ет

 4.

де/ет

29

сол/ес

54

өлең/зт

79

өмір/зт

 5.

ал/ет

30

жер/зт

55

еңбек/зт

80

республика/зт

 6.

бер/ет

31

тіл/зт

56

бар/мд

81

немесе/шл

 7.

және/шл

32

ет/ет

57

қарай/шл

82

ие/зт

 8.

кел/ет

33

бала/зт

58

көп/сн

83

түр/зт

 9.

де/шл

34

ғана/шл

59

бойынша/шл

84

зертте/ет

 10.

бұл/ес

35

күн/зт

60

көз/зт

85

тапсырма/зт

 11.

да/шл

36

емес/ет

61

шық/ет

86

тиіс/мд

 12.

жыл/зт

37

жүр/ет

62

әйел/зт

87

өт/ет

 13.

бір/ес

38

халық/зт

63

мен/ес

88

іш/зт

 14.

өз/ес

39

еді/ет

64

басқа/сн

89

ең/үс

 15.

тұр/ет

40

қал/ет

65

кез/зт

90

мемлекет/зт

 16.

сөз/зт

41

бар/ет

66

дейін/шл

91

егер/шл

 17.

осы/ес

42

жоқ/мд

67

үй/зт

92

мәселе/зт

 18.

адам/зт

43

жаса/ет

68

қара/ет

93

өзі/ес

  19.

қазақ/зт

44

сен/ес

69

көрсет/ет

94

бәрі/ес

 20.

айт/ет

45

не/шл

70

жол/зт

95

қатыс/ет

 21.

білім/зт

46

бір/са

71

қызмет/зт

96

іс/зт

 22.

үшін/шл

47

бірақ/шл

72

қол/зт

97

түс/ет

 23.

кет/ет

48

ұлттық/сн

73

оқы/ет

98

отбасы/зт

 24.

ел/зт

49

керек/мд

74

сонымен/ес

99

жаңа/сн

 25.

отыр/ет

50

жат/ет

75

деңгей/зт

100

баста/ет

 

Ал енді қазақ тіліндегі жиі қолданылатын алғашқы жүздікке енетін сөздердің ішінде басым бөлігі зат есім, етістік, шылау мен есімдіктер. Зат есім - 34 рет, етістік – 29 рет, шылау – 14 рет, есімдік – 13 рет, модаль сөздер – 4 рет, сын есім – 4 рет, сан есім – 2 рет қолданылған. Сонда қазақ тілінің негізгі сөздік қорын зат есімдер құрайды, бірақ алғашқы ондықта зат есімдер жоқ. Алғашқы ондыққа енетін негізгі сөздердің басым бөлігі етістіктер, яғни, «өмір – қозғалыс» демекші, қимыл-әрекеттің  атаулары басым екендігін көреміз.

Есімдіктердің ішінде «ол, бұл» есімдіктері алғашқы ондықта тұр, ал «біз» есімдігі 23-ші орында тұр. «Мен» есімдігі 63-ші орында тұр екен. Еуропалық санада жеке индивид ретінде «мен» есімдігі алдыңғы санатта тұрса, қазақ халқының философиясында «мен» ұғымы емес, «біз» деген ұжымдық, көптік ұғым жоғары тұратындығын байқаймыз.

Қазақтар «сөз», «адам», «қазақ», «білім», «ел» сөздері жиі қолданады. Бұдан ұлттың танымдық философиясында сөздің құдіретті, адамның құнды, ұлттың дәрежесі биік, білімнің қадірі мен елдің жайы маңызды екендігін аңғарамыз. Қазіргі таңдағы қазақ ұлты үшін маңызды болып табылатын жайттар, халықтың ойлау барысын бейнелейтін сөздер тілден көрініс тауып отырары сөзсіз.

Қорыта келгенде, басқа ұлт өкілдеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазуда және қазақ тілін үйренуде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымы дайындағын «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» құнды еңбек. Оны қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету барысында қолдану арқылы көп артықшылық табарымыз анық.

Дана ПАШАН