Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

НАРЫНҚОЛДЫҢ КАРТОБЫ: ӘКІМДІКТЕН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Уақыты: 12.11.2019
Оқылды: 165

Алматы облысының әкімдігі Нарынқолдың картобын қайта қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Голландиядан берері көп, супер-элиталық тұқым алу үшін, сондай-ақ, Текес ауылынан құрылған сервистік техникалар дайындау орталығына қомақты қаражат бөлініп, іс нәтижесін бере бастады.

«Хантәңірі» сервистік дайындау орталығы ЖШС директоры, «Мирас» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Себдайыр - осы көмектің шапағатына бөленгендердің бірі.

Былтыр Марат басқаратын құрылым Голландиядан әкелінген «Сантэ», «Агрия» атты тұқым өсіріп, әр гектардан 500 центнерге дейін өнім алды. Биыл 6 гектарға сортты тұқымды, 6 гектарға жергілікті тұқымды отырғызған болатын. Нәтижесі жаман емес. Бұл, шын мәнінде, жақсы көрсеткіш, берекелі өнім. Биыл орташа әр гектарға шаққанда 300 центнерден өнім алынды.

Қожалық жетекшісі өзіне көмек жасап жүрген диқан Бақдәулет Әметхановтың, механизатор Мұқидин Нұрмановтың, жүргізуші Марат Әлғазыұлының есімдерін ілтипатпен атайды. Картоптың жаңа сортты тұқымымен, оған арналған жаңа трактор, техникалармен жұмыс жүргізіп жатқан қожалықтың келешегі кемелді.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Райымбек ауданы

Алматы облысы