КЕГЕН АУДАНЫНДА ҚЫРЫЛҒАН МАЛ: ӘКІМДІК РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Уақыты: 27.01.2021
Оқылды: 897
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кеген ауданында қырылған малға байланысты Алматы облысының әкімдігі ресми түсініктеме берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Бірқатар БАҚ-тарда Алматы облысы Кеген ауданында тұрғындардың аулаларындағы малға Бөлексаз ауылдық округінде орналасқан «Meat Processing and Service» ЖШС-ның мал бордақылау алаңының кесірінен белгісіз ауру жұғуда деген сипаттағы ақпарат жарияланғанына байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

«Meat Processing and Service»ЖШС Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округінде орналасқан. Бордақылау алаңында 1249 бас ірі қара бар. 2020 жылы сәуірде бордақылау алаңында 1000 бас ірі қара эмфизематоздық карбункулға қарсы вакцина салынды.

Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы»2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына сәйкес пастереллезге қатысты эпизотикалық жағдайдың тұрақты болйына байланысты эпизоотикалық бірліктепастерреллезге қарсы вакцинация жасау жоспарланбаған.

Алайда 2021 жылдың 1 қаңтарында «Meat Processing and Service» ЖШС басшысыБ.Абдрасиловтың атынан Бөлексаз ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне 2 бас ірі қараның өлгені туралы ақпарат келіп түскен.

Хабарлама келген сәттен мал өлексесінен патологиялық материал сынамасы алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы аймақтық филиалына өткізілген.

Зерттеу қорытындысында эмфизематоздық карбункул және пастереллез аурулары анықталды.

Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы№01 шешімімен"Meat Processing and Service" ЖШС-да эмфизематоздық   карбункул тіркелуіне байланысты карантин белгіленіп, сол сияқты 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешімімен пастереллездың тіркелуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді.

Тиісті шараларды қабылдау аясында ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан малдың әр басына эмфизематоздық карбункулға, пастереллезға қарсы вакцина және «Дезол» дезинфекциялаушы препараты бөлінді.

Ауру ошағы болған жерлерде ҚР АШМ ВБжҚК«Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» РММ сауықтыру шараларын жүргізуде.

«Meat Processing and Service» ЖШС директоры Н.Смаиловтың 2021 жылғы 20 қаңтарда бордақылау алаңында 53 бас ірі қараның өлгені туралы хатына байланысты жергілікті және облыстық ветеринарлық қызмет өкілдерінен комиссия құрылды. Мал өлекселерінен патологиялық материал сынамалары алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы аймақтық филиалына жіберілді.

Бөлексаз ауылдық округінің аумағындағы «Meat Processing and Service» ЖШС-дан 2,5 кмқашықтықта орналасқан арнайы орында мал өлекселері жойылып, дезинфекциялық шараларжүргізілді.

Атап өтсек, карантин енгізілген 11 қаңтардан бері «Meat Processing and Service» ЖШС аумағынан мал сырқа шығарылған жоқ. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында «Meat Processing and Service» ЖШС-ға ветеринария саласындағы барлық нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын, соның ішінде «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көрсетілген талалаптарды орындау міндеттелді.

Карантин шаралары жалғасуда.

Бүгінгі күнге Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округі тұрғындарынан бір мезетте бірнеше малдың ауырғаны туралы хабарлама түскен жоқ", - делінген Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"