АЛАКӨЛДЕ СЕГІЗ АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕГІ

Уақыты: 31.08.2021
Оқылды: 1134
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөлде 8 адам суға батып кете жаздады. Егер құтқарушылар болмағанда жағдай мүлде басқа арнаға бұрылары анық еді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Оқиға Алакөл ауданының Ақши ауылында болған. Көл жағасында аяқасты ауа райы бұзылып, жел тұрып, жаңбыр жауған. Салдарынан Алакөлде толқын күшейіп, демалушыларды әбден састырған. Осы сәтте Алакөл өңірі бойынша жедел құтқару жасағы көл бетінде аударылып жатқан су көлігін байқайды. Көлік маңайында әбігерге түсіп жатқан адамдар көрінген. Құтқарушылар жедел оқиға орнына жетіп, сегіз адамды ажалдан арашалап қалды. Олардың ішінде екеуі бала. Сегіз адамның біреуіне медициналық көмек көрсетіліп, Ақши ауылындағы амбулаторияға жеткізілді. Оның тыныс алу жолдары, өкпесі суға толған.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға шомылу кезінде ауа райын бақылауда ұстауды, жағалаудан алыс кетпеуді, жүзетін құрылғыларды пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"