АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Уақыты: 28.09.2021
Оқылды: 1172
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты әлеуметтік  бейнеүзінділер байқауы өткізілді.

Шараның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және жастарға әлеуметтік желілер арқылы оң әсер ету. 

Байқауға материалдарды қабылдау бір айдан аса уақыт бойы жалғасты. Байқау шарттары бойынша 60 секундтан аспайтын креативті, қазіргі трендтерді қолдана отырып "ТикТок" видеоларын түсіру талабы қойылды. Сонымен қатар, бейнеүзіктер "ТикТок" желісіне салынып, #жетісужастары, #сыбайласжемқорлық хэштэгін белгілеу міндеттелді.

Жарияланған видеоларды арнайы құрылған комиссия мүшелері қарап, ең үздік үш материал таңдалды. Әділқазылардың шешімі бойынша, жүлделі орындарға ие болғандар төмендегідей: 1-орын - Сарыөзек ауылы, №49 мектеп оқушылары, 2-орын - Нұрпейісова Сымбат Асқатқызы, 3-орын - Орынбекова Жазира Әліпбекқызы.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"