ҚАЛЫҢ ҚАР, КӨКТАЙҒАҚ, ТҰМАН: АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ

Уақыты: 26.12.2021
Оқылды: 1039
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында тұман мен көктайғақтың салдарынан бірнеше бағыттағы жолдарда қозғалыс шектелді. Аталған жайтқа байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тағы да ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 26-28 желтоқсан күндері Алматы облысының тауларында тұман, көктайғақ болады және қалың қар түседі. Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамыз. Ұялы телефонға келетін СМС-хабарламаларға назар аударыңыздар, бұқаралық ақпарат құралдарының ескертуіне мән беріңіздер", - делінген департамент хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше 25 желтоқсан күні Алматы - Шелек - Қорғас (34-118, 24-140 шақырымдары), Үшарал - Достық (84-184 шақырымдары) бағытындағы жолдарда қозғалыс шектелді. Көктайғақтың салдарынан бірнеше көлік соқтығысты. Қазіргі таңда барлық бағыттағы жолдар ашық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"