ТҰМАН, ЕШТЕҢЕ КӨРІНБЕЙДІ. ҚАПШАҒАЙ МЕН САРЫӨЗЕК АРАСЫНДА ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 26.12.2021
Оқылды: 1350
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір маңызды ақпаратымен бөлісті.

"2021 жылдың 26 желтоқсаны, сағат 11.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қалың тұман, жол көрінбейді) республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолында (76-161 шақырымдары, Қапшағай қаласы - Сарыөзек ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", - деді төтенше жағдай қызметінің өкілдері. Аталған жайтқа байланысты азаматтардан осы бағыттағы жолдарға шықпауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"