"АЛМАТЫ - ҚАПШАҒАЙ" АВТОЖОЛЫНДА БЕС ЖЕҢІЛ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ

Уақыты: 13.02.2022
Оқылды: 1071
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы-Қапшағай" автожолында бірнеше көлік соқтығысты.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде апаттан кейінгі кадрларды жариялады. Олардың айтуынша, жол апаты кезінде бес көлік соғылған. Кадрлардан Lexus, Volkswagen, екі Mitsubishi және тағы бір көлік соқтығысқанын көруге болады. Полиция мәліметінше, жол апаты таңғы сағат 07.30 шамасында тасжолдың 26-ншы шақырымында тіркелді.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл дерекке қатысты әкімшілік іс қозғалды. Құрметті жүргізушілер! Көлік тізгіндеген кезде барынша мұқият әрі сақ болыңыз. Жылдамдықты асырмай, ережелерді мүлтіксіз сақтаңыздар", - деді Алматы облысының полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"