БОРАН, КӨКТАЙҒАҚ, ҚАЛЫҢ ҚАР. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 15.02.2022
Оқылды: 1019
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде, Алматы облысының таулы аудандарында боран соғады, тұман түседі, сондай-ақ, көктайғақ болады. Таулы аймақтарда қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстағы жолдарда қар жамылғысы қалыңдайды.

Қолайсыз ауа райына байланысты қазіргі таңда Қапал-Арасан мен Өскемен автожолын жалғайтын аралық (0-45 шақырым), Қапал ауылына кіреберіс (0-16 шақырым), Сарыөзек - Көктал - Қоғалы - Көксу - Қарабұлақ (0-94 шақырым), Аралтөбе, Онжас, Каспан, Қарымсақ және Майтөбе ауылдарына баратын жолдар, сонымен бірге, Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автожолының Үшарал мен Шығыс Қазақстан шекарасы аралығы барлық көліктер үшін жабық.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Ұзақ жолға шыққан кезде ауа райын тексеріп, төтенше жағдайда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз!

Атап айтқанда, сізбен бірге дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ, жылы киім, қажетті құрал-жабдықтар, тамақ пен су болуы керек. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс.

Қыста жолға жиналуды мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейіне дейін ойланыңыз, отбасыңыз бен жақындарыңызға баратын жолыңызды хабарлаңыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"