АҚСУ АУДАНЫНДА БІР ҮЙІР ЖЫЛҚЫНЫ АЙДАП ӘКЕТКЕН ӘККІ ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

Уақыты: 15.02.2022
Оқылды: 1283
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақсу аудандық полиция бөлімшесіне Алматы қаласы, Алатау ауданының 56 жастағы тұрғынынан арыз түсті.

Арыз иесі Ақсу ауданы, Жаңалық ауылына қарасты шаруа қожалығынан 24 бас жылқы малының ұрланып, материалдық шығын келгені туралы айтты. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің мал ұрлығы баптары бойынша тіркеліп, ұрланған малды іздестіру жұмысы басталды. Іздестіру іс-шарасына Ақсу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.

- Жүргізілген іздестіру шараларының арқасында жылқылар Сарқан ауданының аумағында орналасқан жеке шаруа қожалығынан табылып, заңды иесіне қайтарылды және мал ұрлығы дерегіне қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Сарқан қаласының Д.есімді тұрғыны ұсталып, сот қаулысымен тергеу амалдары аяқталғанша 2 ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ақсу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Құрметті тұрғындар! Полиция қызметкерлері сіздерден малды қараусыз қалдырмауды, сонымен қатар, қазіргі кезде бос жүрген малды бақылауға арналған «GPS-трекерлерді» пайдалануды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"