ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІҢ ТІЗГІНІН ҰСТАДЫ

Уақыты: 21.02.2022
Оқылды: 1290
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Әлібек Әскербекұлы 1964 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Серік Тұрдалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"