АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУДЕ ЖҮРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 23.02.2022
Оқылды: 1078
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 4 адамды мылтықпен атып өлтірді деген күдікті ұсталды.

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Оқиға 2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масаншы ауылында болған. Бір топ адам аңшы мылтығымен төрт адамды өлтірген. Қару тәркіленді», - деп мәлімдеді онлайн-брифингте Ішкі істер министрлігінің басқарма басшысының орынбасары Дәурен Қозыбақов.

Оның сөзінше, тағы бір адам өлтіруге қатысты деген күдікпен Тараз қаласында ұсталған. Сонымен қатар, Д.Қозыбақов Алматы және Алматы облысындағы 6 тұрғынның қолға түскенін жеткізді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, арматура беріп, әскери қызметкеркерге қарсылық көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында тергеу изоляторынан 33 адам, оның ішінде, 8 кәмелетке толмаған жасөспірім босатылып, қолхатпен ата-аналарына жіберілген еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"