АЛМАТЫДАН 170 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫҚТЫҚТА ЖЕР СІЛКІНДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 04.09.2022
Оқылды: 1463
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында жер дүмпуі тіркелді. Бұл туралы төтенша жағдайлар департаменті хабарлады.

ҚР Төтенше  жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі 2022 жылғы 03 қыркүйекте Алматы уақытымен 15 сағат 46 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 7.8. MPV магнитудасы - 3.3. Эпицентрдің координаттары 44.06° С. Е. 75.17° ш.б. Тереңдігі - 20 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЗК-64 шкаласы бойынша): жоқ. Құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы хабарлама түспеді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы мына ережелерді ескертеді:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабатта қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыс тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- электр сымдарына қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"