ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҚАСАҚАНА ӨРТ ҚОЙҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 08.09.2022
Оқылды: 1199
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының полиция департаменті қасақана өрт қойған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлады.

Оқиға Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылы маңында болған. «Ағаштарды өртеп жіберген ер адам анықталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Айта кету керек, жауап алу кезінде ұсталған адам өз әрекеттерін түсіндіре алмады, өйткені, өртеу кезінде ол мас болған. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды», - делінген полиция хабарламасында.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"