АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҒАДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 27.09.2022
Оқылды: 1378
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-ның ескертуі негізінде 28 қыркүйекте Жетісу және Алматы облыстарында жел соғады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Атап айтқанда, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ал Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүтік-батыстан жел тұрады. Жел екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және келесі сақтық шараларын ұстануға шақырады:

- қатты жел болған кезде үйде болыңыз, үйден шықпаңыз;
- үйлердің қабырғаларына, қоғамдық көлік аялдамаларына, жарнама тақталарына, ағаштардың астына, салынып бітпеген ғимараттардың жанына тығылуға болмайды;
- электр беру желілерінің астында тұруға және үзілген электр сымдарына жақындауға қатаң тыйым салынады;
- балаларды ерекше бақылау қажет және оларды қараусыз қалдыруға болмайды;
- үйде және жұмыс орындарында, ғимараттарда барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"