ДОЛЛАР ТАҒЫ ӨСЕ БАСТАДЫ

Уақыты: 10.03.2023
Оқылды: 1204
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көкқағаз тағы құнданды. Айырбастау пунктері шетелдік валютаны 454-455 теңгеден сата бастады. 

Бұл туралы 7-SU.KZ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫ SPUTNIK.KZ сайтына сүйене отырып хабарлайды. 

Белгілі болғандай, Қазақстандық қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 445,98 теңге болған.

Бір тәулік ішінде доллар 4,82 теңгеге қымбаттаған, ал бір ай ішінде бағам 9,64 теңгеге төмендеді.

Нақтырақ айтқанда, айырбастау пунктері долларды орта есеппен 449-450 теңгеден сатып алып, 454-455 теңгеден сатып жатыр.

Бұған дейін доллар бағамы 440 теңгеден төмен түсіп кеткен болатын.

 

Фото: ашық дереккөзден