"Қашқын өзін экстрадицияламайтын елде деген сөз": Заңгер Күдебаевтың қайда тығылуы мүмкін екенін айтты

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 821
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Серік Күдебаевтың қашып кетуіне жол берген адамдардың барлығы жазаға тартылуы керек. Алайда қашқын генаралды елге қайтару қиын болатынға ұқсайды.

Бұл туралы КТК телеарнасында ұсынылған заңгерлер пікірінде айтылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Заңгер Бағдат АМАНДОСҰЛЫНЫҢ айтуынша, экстрадициялау туралы екіжақты келісім жасалмаған елдер Күдебаевтың бас сауғалайтын жеріне айналуы мүмкін.

"Меніңше, лауазымын асыра пайдаланған тұлғалардың барлығы қылмыстық жауапқа тартылады. Себебі ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген адам шекара асып отыр. Қалайша? Бүгінде экстрадициялау туралы екіжақты келісім Ұлыбританиямен, БАӘ, Израиль, Солтүстік Кипр және Косовомен жасалмаған. Демек қашқын өзін экстрадицияламайтын елде деген сөз", – деп мәлімдеді заңгер. 

Тағы да оқи отырыңыз: Қашып кеткен: Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Ұқсас тақырып: Сот Күдебаевты көрсетілген мерзімге мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды

 

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ