Қашып кеткен: Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды

Уақыты: 03.04.2023
Оқылды: 886
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев тағы да сот отырысына келген жоқ. Көп ұзамай шекара қызметі генералдың Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткенін растады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Прокурор Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған соң генерал сот отырысына келмеген. Бастапқыда мұны Күдебаевтың денсаулық жағдайымен байланыстырса, кейін сотқа келмеу себебін мүлде түсіндірмеген. 

Нәтижесінде сот Күдебаевты келесі соттағы көрсетілген мерзімге мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарғанын жазғанбыз. 

Полиция департаментінің экс-басшысы тағы да сотқа келмегендіктен прокурор қылмыстық істі тоқтатып, іздеу жариялау туралы өтініш білдірді. 

Көп ұзамай ҰҚК Шекара қызметі Серік Күдебаевтың Түркияға қашып кеткенін растады. Ал прокуратура генералға халықаралық іздей жариялады. 

 

Тағы оқи отырыңызСот Күдебаевты көрсетілген мерзімге мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды

Фото: ғаламтордан