"Қоқыстарын тастап жүре береді": Экоактивист демалушыларды тазалыққа шақырды

Уақыты: 10.06.2023
Оқылды: 679
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Демалыс орындарында, көлдерде, өзендерде, тауларда жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте экологиялық қордың директоры, экоактивист Сергей Тандеев баяндама жасады.

Спикердің айтуынша демалыс орындарына, өзен, көл жағауларына келген демалушылар қоқыстарды, қалдықтарды тастап жүре береді. Бұл – экологияға үлкен зиян. Осы тұрғыда аталған мәселені шешу жолында бірқатар іс шара, жоспар бойынша жүргізілмек.

– Демалыс орындарына барған адам қоқысты қайда тастарын білмей жатады. Осы тұрғыда келушілер жөнді ақпарат алмағанының куәсі боламыз. Мәселені шешуге болатын ең тиімді, оңай іс – демалыс орындарына көптеген қоқыс жәшіктері, қоқыс тастауға болмайтынын әйгілеп тұрған белгісі бар тақтайшалар қою. Дәл осы арқылы экологиялық жағдайдың алдын алу шараларын ұйымдастыруға болады. Шашылған қоқыс тек адамдарға ғана емес, жануарлармен табиғатқа кері әсер етеді, – дейді маман. 

Сөзінің соңында Сергей Тандеев демалыс орындарында қоқысты тастамауға және экологияны қорғауға шақырды. Бұл тұрғыда алдағы уақытта арнайы акциялар ұйымдасрылмақ. Демалыс орындарындағы қоқыс – келушілердің азайып кетуіне де, табиғаттың бүлінуіне де айтарлықтай әсер етеді.

Назым КӨШКІНБАЙ
ЖУ-дің студенті