Бүгін ауа сапасы нашарлайтын төрт қала аталды

Уақыты: 28.07.2023
Оқылды: 550
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шілде 28 жұлдызы Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Аталған ұйым таратқан мәліметке сенсек, 28 шілде күні еліміздегі қалалардың басым бөлігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Ал Алматы, Ақтөбе, Атырау және Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлауы мүмкін.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды