Қазақстан кезекті олимпиадаға ресми түрде шақырту алды

Уақыты: 28.07.2023
Оқылды: 1454
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту алды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Бұған дейін көршілес Ресейге салынған санкцияның "салқыны" тимей ме екен деген спортшылардың күдігі енді сейілді. Сүйіншілі құжатты Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетіне жолдаған.

Париждегі олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Фото: көрнекілікке алынды