Жетісу облысында шенеуніктер шаруаларға арналған жанар-жағармайды заңсыз сатқан

Уақыты: 07.08.2023
Оқылды: 531
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Аграрлық салада локомотив болуы тиіс Жетісу өңірінде тағы бір "былық". Енді әкімдіктер фермерлерге арналған дизель отынын заңсыз сатумен айналысқан.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Талдықорған қаласының прокуратурасы таратқан хабарламаға сүйене отырып хабарлайды. 

 “Талдықорған қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің құны 4,5 млн теңге болатын фермерлерге арналған арзандатылған дизель отынын заңсыз сату фактілерін анықтады”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сорақысы да сол, ешқандай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері жоқ адамдарға 22 тоннадан артық жанар-жағармай сатылған: көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін деп. 

Қазір аталған жағдай үшін прокуратураның қадағалау актісі бойынша әкімдіктің "сатқыш" тұлғалары жауапқа тартылды.

Фото: ақпаратқа көрнекілік үшін алынды

Өз тілшіміз