Жаңа оқу жылында 1,5 миллионнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылады

Уақыты: 14.08.2023
Оқылды: 961
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлім етті.

 

Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады, - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Фото: көрнекілікке алынды