Сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға дайынбыз – ІІМ

Уақыты: 15.08.2023
Оқылды: 850
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция қызметкерлерінің журналист Сандуғаш Дүйсенованы шешіндіріп тінтуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бұл туралы Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай жауап берді. 

«Қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр. Біздің қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын прокурорлар, одан кейін сот тексереді. Сол жерде кемшілік анықталып, қызметкерлеріміз міндеттерін дұрыс атқармаса, сот үкімі шыққаннан кейін кешірім сұрауға дайынбыз», - деді Марат Қожаев .

Фото: aikyn.kz