Мемлекет басшысы Вьетнамға ресми сапармен барды

Уақыты: 20.08.2023
Оқылды: 631
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.  

Бұл сапар аясында жоғары деңгейдегі түрлі келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі