Бақтыбай ауылының тұрғындары жолдың жөнделгенін атап өтіп, дастархан жайды

Уақыты: 28.08.2023
Оқылды: 575
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданы Бақтыбай ауылының тұрғындары асфальт төселгенінің құрметіне дастархан жайған.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы хабарлайды. 

Видеодан көшенің ортасына қойылған үстелге ауыл тұрғындарының азық-түлік әкеп жатқанын көруге болады. 

Желі қолданушылары ауыл тұрғындарын құттықтап, асфальттің дастархан жаю үшін керемет себеп болғанын атап өтті. Сондай-ақ кейбірі көшесі жөнделсе дәл осылай дастархан жасайтынын мәлімдеді.