Талдықорғанда тағы 16 бағдаршам орнатылады

Уақыты: 29.08.2023
Оқылды: 722
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласында тағы да 16 жаңа бағдаршам орнатылмақ, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Сланов - Ескелді би, Қабанбай батыр - Шахворостов, Қонаев - Рүстембеков, Желтоқсан - Дарабоз ана, Уәлиханов - Балпық би, Уәлиханов - Ескелді би, Әлімжанов - Қабанбай батыр, Уәлиханов - Ақын Сара, Н. Назарбаев даңғылы - Б. Момышұлы, Төлебаев - Балпық би, Төлебаев - Желтоқсан, Абылай хан ксі Гузель дүкені, Ақылбеков - Шахворостов, Абылай хан – Байсейітов, Балапанов - Зылиха Тамшыбаева, Талдықорған - Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ықшам ауданында орнатылады.

"Бағдаршамдарды орнатуға жауапты мердігер - «Компания Орда Құрылыс» ЖШС. Бүгінде қаланың 8 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылды. Нақтырақ айтқанда, Сланов - Ескелді би, Уәлиханов - Ақын Сара, Уәлиханов - Балпық би, Уәлиханов - Ескелді би, Н. Назарбаев даңғылы - Момышұлы, Қонаев - Рүстембеков, «Талдықорған - Үштөбе күре жолы бойында «Жастар -2» ыа және Төлебаев - Балпық би көшелері. Бағдаршамдарды орнату жұмыстары осы жылдың қазан айына дейін жалғасады", - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Фото: Жетісу облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы