Жетісу облысында су полициясы бөлімшесін құру орынсыз – Премьер- Министр

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 463
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының Жетісу облысында су полициясы бөлімшесін құруға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Жетісу облысында су көлігін пайдалану маусымы ұзақ болмайды. Осы ретте көлдердегі жүзу құралдарын бақылауды қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шаралар жүйелі түрде жүргізіледі», – деді Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, «Назар аударыңыз! Шағын флот!» атты акцияны өткізу аясында Алакөл көлінде 300 тексеру жүргізіліп, 62 әкімшілік бұзушылық анықталды және 703 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Сонымен қатар су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі функция Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне кіреді. Осыған байланысты Жетісу облысы көліктік бақылау инспекциясының штат санын ұлғайту және су полициясы бөлімшесін құру орынсыз деп есептейміз», – деді Үкімет басшысы.