Тоқаев азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 695
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін!" - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Фото: Ақорда