Ең бірінші болып дауыс берген зейнеткер

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 472
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданы, Сарөзек ауылының тұрғыны зейнеткер, Раушан Өскенбекова  таңғы 7:00 де 186 сайлау учаскесіне барып өз таңдауын жасады. 

Кербұлақ аудандық Ә. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Шежіре өнер тәлім отауы" үйірмесінің мүшесі Раушан Өскенбекова саяси науқандардан қалмайтынын, үнемі бірінші болып дауыс беретінін айтты. 

- Сайлауға таңғы сағат 7 болмай келіп, берекелі болашақ, кемел келешек үшін өз таңдауымды жасадым. Өңірімізді өркендететін, көркейтетін басшыны халық өзі таңдап жатыр. Сондықтан саяси науқанға қатысу әр тұрғынның борышы, - деді ол.

Сайлау учаскесі ең бірінші болып дауыс берген зейнеткер апаға құрмет көрсетіп, сыйлық жасады.

Айдар Қалиев
Кербұлақ ауданы