Бүгін Ринат Зайытовтың туған күні

Уақыты: 14.11.2023
Оқылды: 665
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытовтың туған күні.

Ринат Зайытов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.

Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы колледжді драма актері мамандығы бойынша, Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі, Қазақ көлік университетін Бизнес және менеджмент магистрі.

2001 жылдан бері көптеген айтыстарға қатысып, жеңімпаз атанған, қазақ тіліндегі танымал әндердің сөзінің авторы.

Еңбек жолы: 2001-2003 жылдары «Дариға-ай» жастар театрының актері, 2005-2008 жылдары Ш. Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы, 2008-2010 жылдары «Дариға-ай» жастар театрының көркемдік жетекшісі, 2017-2018 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі, 2021-2023 жылдары «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл», «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Фото: baigenews.kz