Биыл 6 айда шетелден қанша көлік құралы жеткізілді

Уақыты: 14.11.2023
Оқылды: 630
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 6 айында елімізге шетелден қанша көлік жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әкелінген (импорт) көлік құралдарының саны 161 084 болды. Оның ішінде 135 185 жеңіл көлік, 22 862 жүк және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 2 862 электромобиль бар», - деді комитеттен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдың 6 айында елімізге 180 271 көлік құралы, оның ішінде 152 824 жеңіл көлік, 27 447 жүк және арнаулы техника, кедендік төлемдер мен салықтан босатылған 347 электромобиль жеткізілген.

Фото: Казинформ