Жыл басынан бері теңге қанша пайызға әлсіреді?

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 660
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов теңгенің әлсіреуі неге байланысты екенін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Жыл басынан бері теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 469,64 теңгеге дейін, 1,5 пайызға әлсіреді. Қазан айында 1,1 пайыз болды. Теңгенің әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты", - деді ол.

Вагаповтың сөзінше, оның бірінші себебі - доллардың жаһандық нығаюы.

"АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етіп отыр", - деді Ұлттық банк өкілі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов