Биылғы жылыту маусымында Жетісу облысында 25 өрт тіркелді

Уақыты: 16.11.2023
Оқылды: 511
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биылғы жылыту маусымында облысымызда 25 өрт тіркелді. Олардың негізгі себептері – электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу. Осыған орай, жылыту маусымы кезінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 

Көбінесе азаматтар тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзады, мұржаларды, түтін құбырларын күйеден тазартудың қарапайым ережелерін елемейді. Су жылытудың кеңейту цистернасын оқшаулаудың сенімділігін қамтамасыз етпейді. Жылыту аспаптары мен түтін мұржаларының беттері шаңнан және басқа да жанғыш қалдықтардан жүйелі түрде тазалануы тиіс. Мұржаны уақытылы тазаламау салдарынан  түсі де, иісі де жоқ көміртегі тотығы улануға әкелуі мүмкін.

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің гарнизоны жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері, еріктілер және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық рейдтік іс-шараларды, тұрғын үй секторын аралау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, пештерді жылыту кезеңіне дайындау, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын жүргізіп, үйдегі қауіпті газ концентрациясына жауап беретін және үй иелерін арнайы сигналмен уақытылы ескертуге мүмкіндік беретін түтін және көміртегі тотығы датчиктерін орнатқан жөн. Көміртегі тотығы датчиктері бүгінде жиі кездеседі. Пешпен жылытылатын үйлердің тұрғындары үшін сенсор қысқы маусымға дайындық кезіндегі ең маңызды нүкте. Өйткені пеш – қауіптің жоғары көзі. 

Облыс әкімдігінің қолдауымен 769 түтін детекторлары мен улы газ датчиктері сатып алынып, пешпен жылытылатын үйлерде 427 датчик орнатылды. Бұл жұмыс жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұрақты жүзеге асырылады.
Құрметті облыс тұрғындары, жылыту пештерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі