20 миллионыншы қазақстандық Жетісу облысында дүниеге келді

Уақыты: 16.11.2023
Оқылды: 674
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің 20 миллионыншы тұрғынымен құттықтады

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент.

Еске салайық, Сабденбай Айсұлтан Мұхтарұлы АЗИМБАЕВТАР ӘУЛЕТІНДЕ 14 қарашада, таңғы 8-дер шамасында дүниеге келді. Отбасындағы 4-ші бала. Анасы Азимбаева Диана Талғатқызы 1996 жылы туған. Ал Әкесі Азимбаев Мұхтар Сабденұлы 1989 жылы туған. Нәрестенің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады. 

3 келі, 50 сантиметр болып дүниеге есігін ашқан батырдың бүгін жағдайы жақсы. 

Барша қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймыз!

Фото: көрнекілікке алынды