«Отбасы банк» басшысы 9-20-25 бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

Уақыты: 16.11.2023
Оқылды: 404
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова 9-20-25 бағдарламасына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Соңғы уақытта жас отбасылар бізге жиі хабарласып, «Бір баламыз бар, өмірлік жолымызды енді бастап жатырмыз. Бірақ бізде баспана жоқ. Біз мемлекеттік қызметкер де, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкері де емеспіз. Біз осы санат бойынша баспана кезегіне тұра алмаймыз» деп мәселесін айтады. Оларды ескеріп және Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғының дүниеге келуіне байланысты біз осы бағдарламаны (9-20-25 – автор) әзірлегіміз келеді. Оның ставкасы сәл жоғары болады», - дейді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол аталған бағдарламаның әлі басталмағанын және ешқандай лимиті де жоқ екенін де жеткізді.

«Бағдарлама барлық талабы мен барлық механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады», - деді банк төрағасы.

Фото: azh.kz