"КӨШБАСШЫ" ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Уақыты: 20.11.2023
Оқылды: 1009
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2023» жастар сыйлығының ЕРЕЖЕСІ

 

1. ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ АТАУЫ: 

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2023» жастар сыйлығы.

 

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:

«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Jetisy jastary» КММ.

 

3. ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ:

Марапаттау рәсімінің мерзімі қосымша хабарланады.

 

4. МАРАПАТТАУ РӘСІМІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:

Талдықорған қаласы. Б.Римова атындағы драма театры

 

5. ҚАТЫСУШЫЛАР:

Сыйлыққа үміткерлер ретінде Жетісу облысының 14-тен 35 жасқа дейінгі белсенді жастары қатыса алады. Номинация жеңімпазы атану үшін үміткерлер белгілі бір салада жетістіктерге жетуі қажет. Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастар өтінімдерін өткізулеріне болады. Сыйлыққа ұсынылу үшін үміткер белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз көшбасшы жас болуы керек. Қатысушылар қазіргі таңда Жетісу облысында тұруы және жұмыс істеуі/оқуы міндетті.

 

6. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

 

1. «Үздік жас қоғам белсендісі»

  • Жас мөлшері 18 бен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Жас мемлекеттік қызметшілер және жастар ҮЕҰ жетекшілері қатыса алады;
  • Мемлекеттік қызметшілер үшін: мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес; ҮЕҰ мүшелері үшін: осы салада 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы;
  • Өзінің кәсіби қызметі саласында елеулі жетістіктері және әлеуметтік-маңызды және қоғамдық жұмысқа айрықша үлес қосқан;
  • ҮЕҰ республикалық үкіметтік емес ұйымдардың базасында тіркелуі;
  • Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет. 

 

2. «Үздік жас спортшы»

  • Жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Халықаралық, республикалық жарыстардың бірнеше мәрте жүлделі орын иегері болуы;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы;
  • Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың және спорттық дәрежесі болуы қажет.  

 

3. «Үздік студент»

  • Жас мөлшері 14-тен 25 жасқа дейінгі жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері;
  • Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;
  • Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;
  • Жастар ұйымдары мен қозғалыстарда кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.

 

4. «Үздік оқушы» 

  • Жас мөлшері 14-тен 19 жасқа дейінгі аралық;
  • Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы;
  • Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда зор үлес қосып жүрген;
  • Қоғамдық жұмыстарға (ментор, дебат, өзін-өзі басқару ұйымдары және т.б) белсенді қатысып жүрген;
  • Оқуда озат, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері және спортта жақсы нәтиже көрсетіп жүрген;
  • Мемлекет басшысы, әкімшілік, мектеп немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 

 

5. «Білім және ғылым саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жас мөлшері 18-ден 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Оқу орнында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізіп жүрген;
  •   Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;
  • Ғылым саласында дәлелденген ғылыми жұмыстары (патенті) бар;
  • Соңғы 3 жылда республикалық, халықаралық ғылыми журналдарда мақалалары жарияланған;
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы;
  • Жас ғалымдар үшін: магистрлік және PhD  дәрежесінің болуы қажет.

 

6. «Үздік жас отбасы»

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
  • Ері мен әйелінің жас мөлшері 35 жасқа дейін;
  • Толыққанды отбасы болуы және ресми неке куәлігінің болуы;
  • Еңбек, жұмысшы мамандықтары әулеттерінің өкілдері;
  • Отбасында 4 немесе одан да көп баланың тәрбиеленуі;
  • Отбасы мүшелері өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;
  •  Мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың болуы қажет.

 

7. «Үздік жас кәсіпкер»

  • Жас мөлшері 18 бен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Жеке кәсіпкерлікте жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Шағын және орта бизнесті дамытуға өзіндік жаңашыл идея немесе үлес қосқан, Отандық тауардың сапасының артуы үшін инновациялар енгізіп жүрген;
  • Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.  

 

8. «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Әнші, биші, күйші, ақын, жазушы, театр, кино әртістері және т.б.;
  • Көшбасшылық сапаға, айрықша білім, дағдысы мен шеберлікке ие болуы керек;
  • Соңғы үш жылда халықаралық, республикалық байқаулардың жүлделі орын иегері;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы;
  • Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып жүрген;
  • Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет.   

 

 

9. «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жас мөлшері 18 бен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Медицина саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Жұмыс тәжірибесінде басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза, сөгіс болмауы керек;
  • Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосқан;
  • Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет. 

 

10. «Үздік жас журналист»

  • Жас мөлшері 14-тен 35 жасқа дейінгі аралық;
  • Медиа саласында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
  • Мемлекеттік жастар саясаты аясында ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жүрген;
  • Қазақстандық журналистиканың даму саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуге белсенді қатысып жүрген;
  •   Өз қызметі саласында елеулі жетістіктерге жеткен немесе әлеуметтік-маңызды және қоғамдық қызметке айрықша үлес қосып жүрген;
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімшілік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, курстан өткені туралы немесе білім сертификаттарының болуы қажет.  

 

7. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ:

 

1

Үміткердің аты-жөні

 

 

2

Номинация

 

 

3

Туған күні, айы, жылы;

 

4

Жетістіктері

(дипломдар, алғыс хаттар, марапаттаулар атаулары мен жылы көрсетілу керек)

 

 

 

Өтінімге қосымша төмендегідей құжаттар ұсынылуы керек:

  1. Жеке куәлік, алғыс хат, грамоталар көшірмелері;
  2. Өмірбаян;
  3. Номинацияға лайық екендігін растайтын ұсыныс хаттар;
  4. 5 фотосурет: 1 жалғыз өзі түскен, 2 жұмыс барысында түскен сурет, 1 бос уақытта, 1 отбасында түскен сурет;
  5. «Неге мен «Көшбасшы» жастар сыйлығына лайықтымын?!» тақырыбында эссе.

 

8. Өтінімдерді қабылдау:

Өтінімдер мен керекті құжаттар 040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, 47 (204 кабинет) мекен-жайына жіберілуі тиіс. Байланыс телефондары: +7 747 928 0091 Ұ.Хангел.

Ескерту: Құжаттар 2023 жылдың 3 желтоқсанына дейін электронды және баспа нұсқада қабылданады. Байқауға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.