Бүгін тұман түсіп, жел күшейеді - Қазгидромет

Уақыты: 21.11.2023
Оқылды: 401
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 21-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Кәспорынның болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр, қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.