Жүзу денсаулыққа пайдалы

Уақыты: 21.11.2023
Оқылды: 429
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Туғаннан бастап суда жүзу бала денсаулығы мен дұрыс өсіп-жетілуіне оң ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, физикалық және психикалық жағынан да жағымды әсер етеді.

«AquaclubTomiris» суда жүзу кешені 2021 жылы ашылды. Бала денсаулығы үшін пайдасы зор бассейнде барлық жағдай қарастырылған. Бұл орталықта ерекше балаларға арналған әдістеме және гидрореабилитация бар. Жеке кәсіпкер Саят Мұхамеджанов кәсібін кеңейту мақсатында «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінді.  

Онда субсидиялау және кепілдік беру тетіктері  бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде несие мақұлданып, нәтижесінде несие бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 8% - ға дейін төмендетілді.

Алынған қаражатқа кәсіпкер 2 айдан 14 жасқа дейінгі балалар айналысатын 300 орынды жаңа үлкен бассейн ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бассейнде 4 білікті жаттықтырушы жұмыс істейді. Олар өз саласының мамандары және даму ерекшеліктері бар балалармен жеткілікті тәжірибе жинақтаған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
Талдықорған қаласы