"Жандарбек Бұлғақовтан қорқамын": Төреғали Төреәлі айтысқа қатыспауының себебін түсіндірді

Уақыты: 24.11.2023
Оқылды: 566
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әнші Төреғали Төреәлі блогер Нұрдәулеттің бірнеше сұрағына жауап беріп, болашақтағы жоспарын бөлісті. Соның ішінде екінші әйел алу туралы сұраққа өнер иесі төрт әйел алуға жағдайы мен мүмкіндігі бар екенін айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы NNN Life tv бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарламада қойылған "екінші әйел аласың ба?" деген сұраққа әнші өз жауабын берді. 

"Алғың келе ме деген сұрақ болмай ма? Иә, аламын. Алла қаласа, төртеу алсам ба деймін. Бұл біздің қоғамда ауқымды әрі кеңінен талқыланатын тақырыптың бірі ғой. Алланың қалауындағы нәрсе. Мың адам қарсы болса да, тағдырыма жазылса аламын. Жазылмаған болса, ештеңе болмайды", – деді әнші.

Сондай-ақ әнші айтыстан шеттетілді деген сөздің қауесет екенін айтты.

“Айтыстан түбегейлі кеткен жоқпын. Табиғат мені суырыпсалма ақын етіп жаратты. Мен ол қасиетімді тұншықтыра алмаймын. Төрештің айтысқа шықпауына белгілі бір адамдардың қатысы бар деген сөз жалған. Ешкім мені айтыстан қуған жоқ. Эстрадаға кетіп қалғасын айтысқа көп шықпағаным рас. Айтыста қарсылас болудан қорқатын ақындарым бар. Мұхтар Нияз бен Жандарбек Бұлғақов, Бекарыс Шойбек айтыскерлерден қорқамын. Айтысқа қатысып жүргенде ұйқас таппай қиналған кезім көп. Дайындалып келген сөзімді ұмытып, ойымды жинақтай алмаған сәттер болған”, – дейді әнші. 

 Дереккөз, фото: Stan.kz