Жетісу облысына 10 айда 2 млн турист келген

Уақыты: 24.11.2023
Оқылды: 718
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу аймағына осы жылы 10 айда 2 млн турист келген. Олардың басым бөлігі Алакөлде болған, деп хабарлайды Kazinform. 

«Жетісу облысының табиғи климаттық жағдайы туризмді дамытуға өте қолайлы. Биыл 10 айда Жетісу облысына келген туристердің саны 2 млн адам болды. Оның ішінде 1,5 млн адам Алакөлге барған», - деді Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, алдағы жылдары туризмді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

«2025 жылдан бастап Балқаш көлінің жағасында демалыс үйлері, қонақ үйлер салынады. Биыл «Алтын емел» ұлттық паркінде құны 2 млрд теңге болатын визит орталық салынды. Осыдан 1,5 ай бұрын оның презентациясы өтті. Астанадан және басқа өңірлерден журналистер қатысты. Бәрін көрдіңіздер. Шоқан Уәлиханов музейіне баратын жол жөнделді. Музейде жаңғыртудан өтті», - дейді ол.

Фото: semeynews.kz